KAU
Оқуға түсу

ОҚУҒА ТҮСУ ШАРТТАРЫ

KAU-ҒА ОҚУҒА ТҮСУ

Kazakh-American University талапкерлерді оқуға түсудің барлық кезеңінде — алғашқы кеңес беруден бастап қабылдану және оқу процесінің басталуына дейін сүйемелдейді. Біз білім беру бағдарламасын таңдауға, қабылдау шарттарын түсінуге және қажетті құжаттарды дайындауға көмектесеміз.

БОЛАШАҒЫНДЫ КАУ-МЕН БІРГЕ ҚАЛЫПТАСТЫР!

Құжаттар тізімі

Kazakh American University-ге түсу үшін стандартты құжаттар пакеті қажет:
  • Жеке куәлік немесе паспорт (түпнұсқа және көшірме)
  • Жалпы немесе орта білім туралы құжат, аттестат немесе диплом түпнұсқасы.
  • 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет
  • Денсаулық паспорты немесе 063 нысанындағы екпе картасы
  • Шекті балдары бар ҰБТ сертификаты
  • Тіркеу куәлігінің көшірмесі, (ер балалар үшін)
  • 18 жасқа толмаған баланың атынан білім беру қызметтерін көрсету туралы шартқа ата-анасының бірі қол қойған жағдайда, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі
  • 075-У нысанындағы медициналық анықтама, флюорография суретімен

Сондай-ақ құжат тапсыру процесін жеделдету үшін жоғарыда көрсетілген барлық құжаттарды сканерлеу қажет

СҰРАҚТАРЫҢЫЗ
ҚАЛДЫ МА?
ӨТІНІМ ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Біздің кеңесшіміз сізбен жақын арада хабарласып, барлық сұрақтарыңызға жауап береді.