ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Халықаралық бағыт KAU білім беру моделінің негізгі элементі болып табылады. Kazakh-American University білім, бизнес және халықаралық институттардың өзара іс-қимылына арналған платформа ретінде академиялық дипломатия форматын жүйелі түрде дамытып келеді.
Kazakh-American University студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламаларын, тағылымдамаларды және шетелдегі кәсіби жобаларды қоса алғанда, халықаралық білім беру бастамаларына қатысуға кең мүмкіндіктерге ие.
Мұндай бағдарламаларға қатысу студенттерге шетелде білім алу тәжірибесін жинақтауға, кәсіби және тілдік құзыреттерін дамытуға, сондай-ақ жаһандық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Академиялық ұтқырлық
Академиялық ұтқырлық — студенттер мен қызметкерлерге өз елінде де, шетелде де басқа білім беру немесе ғылыми мекемеде уақытша білім алуға немесе ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беретін бағдарлама.
Мұндай бағдарламалар университеттер арасындағы серіктестік келісімдер, сондай-ақ бірлескен білім беру және зерттеу жобалары аясында жүзеге асырылады.
Kazakh-American University әлемнің 70-тен астам жоғары оқу орнымен ынтымақтастық орнатып, студенттерге академиялық ұтқырлық және қос диплом алу мүмкіндіктерін ұсынады.
Global STUDY CAMP
Global Study Camp — Америка, Еуропа және Азия елдеріне арналған білім беру сапары. Бағдарлама университеттер, технологиялық хабтар және мәдени орталықтар өкілдерімен кездесулерді қамтиды, бұл студенттерге жаңа білім алуға, кәсіби және мансаптық мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасайды.
Бағдарламасының форматтары
SITE дипломы
Швейцариялық технологиялар және кәсіпкерлік институтымен (SITE) ынтымақтастық жүзеге асырылуда. Оның аясында KAU студенттері шетелге тұрақты оқуға шықпай-ақ, халықаралық үлгідегі диплом алу мүмкіндігіне ие.
Артықшылықтары
KAU-дағы шетелдік студенттерді қолдау
Kazakh-American University шетелдік студенттерге оқудың барлық кезеңдерінде жан-жақты қолдау көрсетеді.
Біз жаңа білім беру ортасына бейімделуге, академиялық тұрғыдан дамуға және университет ішінде де, одан тыс жерде де өздерін жайлы сезінуге көмектесеміз.