KAU-дағы Туризм – заманауи туризм және қонақжайлылық индустриясына туристік өнімдер әзірлей алатын, сервисті басқарып, туристік бағыттарды дамыта алатын мамандарды даярлауға бағытталған білім беру бағдарламасы.
Бағдарлама менеджментті, маркетингті, шет тілдерін және саланың практикалық технологияларын біріктіреді – маршруттар әзірлеу мен іс-шаралар ұйымдастырудан бастап, digital-сатылымдарға, клиенттік тәжірибені басқаруға және брондау жүйелерімен жұмыс істеуге дейін.
Оқыту тілі
Қазақ, ағылшын, орыс
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Туризм және қонақжайлылық саласында кәсіби, аналитикалық, зерттеушілік және тілдік дағдыларға ие, туристік жобаларды басқара алатын, сервисті дамытып, индустрияда заманауи технологияларды қолдана алатын бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
Сіз не үйренесіз
іс-шаралар ұйымдастыру және MICE-индустриясында жұмыс істеу
туристік қызметтерді digital-арналар арқылы ілгерілету
брондау технологияларымен және Amadeus жүйесімен жұмыс істеу
клиенттік тәжірибе мен сервис стандарттарын басқару
Қазақстан мен Орталық Азияның туристік бағыттарын дамыту
туристік өнімдер мен маршруттар әзірлеу
туристік жобалар мен бизнес-процестерді басқару
Бағдарламаның ерекшеліктері
туристік бизнес және операциялық менеджмент
туризмдегі маркетинг, digital-коммуникациялар және сатылымдар
Event-менеджмент және MICE-индустриясы
шет тілдерін меңгеру
туристік дестинацияларды басқару
туристік өнімдер мен маршруттарды жобалау
жаһандық брондау жүйелері және Amadeus
тұрақты туризм және ESG тәсілдері
туризм және қонақжайлылық индустриясындағы практикалық дайындық
Мансап мүмкіндіктері
Бағдарлама түлектері: туризм менеджері
туроператор және туристік компания маманы
қонақүй бизнесінің менеджері
авиакомпания және туристік сервис маманы
Event және MICE менеджері
туристік бағыттар менеджері
брондау және туристік технологиялар маманы
туристік жобаларды дамыту менеджері