KAU
Жаңалықтар мен оқиғалар 15.10.2026

KAU профессоры Мәскеуде өткен «Еуразия» халықаралық премиясының құрметті қонағы болды

Қазақ-Америка университетінің (KAU) қауымдастырылған профессоры Еңлік Ормаханова Мәскеуде өткен «Еуразия» халықаралық премиясының марапаттау рәсіміне Қазақстаннан шақырылған құрметті қонақ ретінде қатысты.

Еңлік Ормаханова ЕАЭО елдерінің Қоғамдық палатасының нұсқасы бойынша Еуразия кеңістігіндегі жас көшбасшылардың қатарына енді. Бұл оның кәсіби жетістіктері мен білім беру және қоғамдық қызметті дамытуға қосқан үлесінің мойындалғанын көрсетеді.

Іс-шара аясында 13–15 қазан аралығында «Еуразия» ұйымының Медиамектебінде қысқамерзімді тағылымдама бағдарламасы да өтті. Бағдарлама Еуразия елдерінің дарынды журналистерін біріктіріп, олардың кәсіби құзыреттерін дамытуға, тәжірибе алмасуға және медиа саласындағы халықаралық байланыстарды нығайтуға бағытталған.

KAU өкілдерінің халықаралық білім беру және кәсіби бастамаларға қатысуы академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге, білім мен тәжірибе алмасуға және университеттің шетелдік сарапшылар қауымдастығымен байланысын нығайтуға ықпал етеді.

Еңлік Нұрланқызын кәсіби жетістіктерінің жоғары бағалануымен құттықтаймыз және алдағы қызметіне толағай табыс тілейміз!

СҰРАҚТАРЫҢЫЗ
ҚАЛДЫ МА?
ӨТІНІМ ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Біздің кеңесшіміз сізбен жақын арада хабарласып, барлық сұрақтарыңызға жауап береді.