KAU
Жаңалықтар мен оқиғалар 09.10.2026

KAU оқытушылары Алматы қаласы әкімдігінің Алғыс хаттарымен марапатталды

Қазақ-Америка университетінің (KAU) президенті Асылбек Исахов Жоғары білім қызметкерлері күніне орай KAU оқытушылары Куляйхан Тайчикова мен Наталья Тагвиашвилиге Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновтің Алғыс хаттарын табыстады.

Алғыс хаттарда олардың кәсіби шеберлігі, ұстаздық қызметке адалдығы және білікті мамандар даярлауға қосқан үлесі жоғары бағаланды. Сондай-ақ білім сапасын арттыру мен ғылыми-академиялық ортаны дамыту жолындағы еңбектері ерекше атап өтілді.

Абзал Нүкенов ұстаздарға зор денсаулық, отбасылық амандық және кәсіби қызметтеріне толағай табыс тіледі.

KAU өз оқытушыларын мақтан тұтады. Олардың білімі, тәжірибесі мен күнделікті қажырлы еңбегі университет жетістіктерінің берік негізін қалайды. Әріптестерімізді еңбектерінің лайықты бағалануымен шын жүректен құттықтаймыз! Барша профессор-оқытушылар құрамына жаңа кәсіби жетістіктер, ғылыми жаңалықтар, шығармашылық шабыт және жас ұрпаққа білім беру жолындағы игі істеріне табыс тілейміз.

СҰРАҚТАРЫҢЫЗ
ҚАЛДЫ МА?
ӨТІНІМ ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Біздің кеңесшіміз сізбен жақын арада хабарласып, барлық сұрақтарыңызға жауап береді.