KAU Президенті X Орталық Азия халықаралық форумына қатысады
2 қазанда Астана қаласында білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша X Орталық Азия халықаралық форумы өтеді.
Форум аясында KAU президенті Асылбек Исахов «Білім берудегі инновациялар: AI және цифрлық технологиялар» тақырыбындағы панельдік пікірталасқа қатысады.
Талқылау барысында Қазақстанның жоғары оқу орындарының басшылары өз ойларымен бөлісіп, білім берудегі AI мен цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін қарастырады. Мұндай форумдар өзекті мәселелерді талқылауға және білім берудің болашақ бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.