KAU-да қабылдау комиссиясы жұмысын бастады
Қазақ-Американ Университеті болашақ студенттерді қабылдауға дайын: 2026 жылғы 20 маусымнан 25 тамызға дейін қабылдау комиссиясы өз қызметін жүзеге асырады. Бұл сапалы білім алу және жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізу жолындағы алғашқы әрі маңызды қадам.
Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі – 10:00-ден 15:00-ге дейін. Шығармашылық бағыттарға түсуші үміткерлер үшін 11 және 12 шілдеде сағат 10:00-де арнайы емтихандар өткізіледі.
Қабылдауға қажетті құжаттар тізімі:
- Жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқа және көшірме)
- Білім туралы құжаттың түпнұсқасы – қосымшасымен бірге аттестат немесе диплом
- 3×4 өлшемді 6 фотосурет
- Флюорография суретімен бірге 075-У нысанындағы медициналық анықтама
- Денсаулық паспорты немесе 063 нысанындағы егу картасы
- Ұлттық Бірыңғай Тестілеу (ҰБТ) сертификаты
- Приписное свидетельство (жігіттер үшін)
- Ата-анасының бірі кәмелетке толмаған баласы үшін шарт жасасқан жағдайда – туу туралы куәліктің көшірмесі
- Тасымалдағыштағы ЭЦП кілті (телефон, флеш-карта және т.б.)
Өтініш беру үдерісін жеделдету мақсатында барлық құжаттарды алдын ала сканерлеп алуды ұсынамыз.
Байланыс деректері:
Тел.: +7 700 199 70 22,+7 727 323 12 26
Сайт: www.kau.edu.kz
Instagram: @kau.kz
Мекенжайымыз: Алматы қ., Рысқұлбеков к-сі 28 (Саина к-сіне жақын кіреберіс)
KAU студенті болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз – халықаралық мансап пен кәсіби шыңдарға апаратын білімнің бастауы осында.