KAU және LIM College: Letter of Intent құжатына қол қою
Қазақ-Американ Университетінің президенті Асылбек Исахов LIM College провосты, доктор Скотт Карнзбен келіссөздер жүргізді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Letter of Intent құжатына қол қойды. Бұл құжат ұзақмерзімді ынтымақтастық орнату және бірлескен білім беру бастамаларын іске қосу ниетін бекітеді. Бұл толыққанды Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою жолындағы маңызды қадам болды.
LIM College — 1939 жылы құрылған және сән бизнесі мен өмір салты индустриясына маманданған Нью-Йорктегі жоғары оқу орны. Колледж бакалавриат және магистратура бағдарламаларын ұсынады және оқытуда практикалық тәсілге ерекше мән береді: міндетті тағылымдамалар мен индустриямен тығыз байланыс түлектердің еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие болуына ықпал етеді.
LIM College-пен ынтымақтастық KAU студенттері үшін жаһандық экономиканың ең қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі саналатын сән бизнесі және өмір салты индустриясы бағытында жаңа мүмкіндіктер ашады.
