KAU және MIT-IBM Computing Research Lab: технология мен білім тоғысында
Қазақ-Американ Университетінің президенті Асылбек Исаховтың MIT-IBM Computing Research Lab командасымен кездесуі технологиялық білім берудің болашағы туралы диалогқа бастау болды. IBM Research Cambridge-пен өзара іс-қимыл жөніндегі жетекші Адам Богпен өткен әңгіме барысында тараптар озық зерттеулерді KAU-дың оқу процесіне интеграциялау және бірлескен жоғары технологиялық жобалардың ықтимал бағыттарын талқылады.
MIT-IBM Computing Research Lab – Массачусетс технологиялық институты мен IBM-нің бірлескен бастамасы, екі ұйымның жетекші ғалымдарын біріктіретін зерттеу алаңы. Лаборатория ғылымның алдыңғы шебінде жұмыс істейді: жасанды интеллект, есептеу алгоритмдері және кванттық технологиялар – дәл осы жерде ертеңгі жаһандық индустрияның келбетін айқындайтын шешімдер қалыптасады.
KAU үшін мұндай өзара іс-қимыл жай ғана беделді байланыс емес, академиялық орта озық зерттеу күн тәртібімен тығыз ұштасатын жаңа типтегі университетке қарай жасалған стратегиялық қадам.