KAU мен MY APA: жаңа халықаралық мүмкіндіктер
Қазақ-Американ Университеті мен My Academic and Professional Association, MY APA, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа MY APA директоры Арман Мажикеев және KAU президенті Асылбек Исахов қол қойды.
Ынтымақтастық аясында тараптар алмасу бағдарламаларын, шетелдік сарапшылардың қатысуымен өтетін дәрістер мен мастер-кластарды, бірлескен конференцияларды, ғылыми жарияланымдар мен зерттеу жобаларын дамытуға ниетті. Халықаралық қатынастар, қаржы, туризм, бизнес-аналитика, жасанды интеллект және қашықтықтан білім беру сияқты бағыттарға ерекше назар аударылады.
KAU үшін бұл серіктестік университеттің академиялық ортасын дамыту және студенттерге жаңа білім беру мүмкіндіктерін жасау жолындағы маңызды қадам болды.
Қазақ-Американ Университеті MY APA ұйымына және оның директоры Арман Мажикеевке сенім білдіргені, қолдау көрсеткені және білім, ғылым мен кәсіби өзара іс-қимыл саласындағы бірлескен бастамаларды дамытуға дайын болғаны үшін шынайы алғыс білдіреді.