KAU
ПОҚ конкурсы 22.05.2026

Қазақ-Америка университеті 2026-2027 оқу жылына профессорлық-оқытушылық құрамның бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

KAU 2026-2027 оқу жылына келесі бағыттар бойынша профессорлық-оқытушылық құрамның бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

· Аударма ісі
· Менеджмент және басқару
· Аудит және салық салу
· Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі
· Маркетинг және жарнама
· Құқық
· Туризм
· Журналистика және репортерлік іс
· Халықаралық қатынастар және дипломатия
· Ақпараттық технологиялар

Конкурсқа профессор, қауымдастырылған профессор, ассистент-профессор, аға оқытушы, тьютор лауазымдарына үміткерлер шақырылады:

· магистр/PhD докторы/ғылым кандидаты/ғылым докторы дәрежесі бар;
· қауымдастырылған профессор/профессор ғылыми атағы бар;
· бейіндік білімі бар;
· ағылшын тілін меңгерген.

Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Рысқұлбеков көшесі, 28, пошта индексі: 050043.

Конкурс 2026 жылғы 22 маусымға дейін ашық болады.

Конкурсқа қатысқысы келетін кандидаттар өтінім беруі қажет:

· https://cdc.mok.kz/page.php порталына сілтеме арқылы өту;
· Стресске төзімділік бойынша тесттен өту.

Тесттен сәтті өткен жағдайда кандидат сауалнаманы толтырып, келесі ақпарат пен құжаттарды жүктейді:

· жеке ақпаратты толтыру;
· сканерленген құжаттарды жүктеу:
· жеке басын куәландыратын құжаттың сканы;
· зейнетақы куәлігі (бар болған жағдайда);
· мүгедектігі туралы анықтама (бар болған жағдайда);
· соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
· психоневрологиялық диспансерден анықтама;
· наркологиялық диспансерден анықтама;
· әскери билет немесе тіркеу куәлігі (әскери міндеттілер үшін);
· түйіндеме;
· Halyk Bank-тегі 20 таңбалы карталық шот;
· өмірбаян;
· білімі және еңбек өтілі туралы мәліметтер;
· оқытушылық қызметі туралы ақпарат;
· ғылыми-әдістемелік қызметі туралы мәліметтер;
· біліктілікті арттыру туралы мәліметтер;
· тілдік дағдылар мен компьютерде жұмыс істеу дағдыларын қоса алғанда, қосымша мәліметтер.

Анықтама және техникалық сұрақтар бойынша телефон:
+7 (727) 220-80-58, ішкі нөмір: 1139

СҰРАҚТАРЫҢЫЗ
ҚАЛДЫ МА?
ӨТІНІМ ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Біздің кеңесшіміз сізбен жақын арада хабарласып, барлық сұрақтарыңызға жауап береді.