KAU
Жаңалықтар мен оқиғалар 20.02.2026

Niskanen Summer Institute 2026 стипендиясы, АҚШ

Niskanen Summer Institute 2026 стипендиясы, АҚШ

KAU студенттерінің назарына!

Niskanen Summer Institute 2026 — Вашингтон қаласында (АҚШ) өтетін толық қаржыландырылатын жазғы бағдарлама. Бұл әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас көшбасшыларға арналған тамаша мүмкіндік.

Niskanen Summer Institute барлық мамандықтағы бакалавриат студенттерін шақырады. Бағдарлама «Іс жүзіндегі демократия» тақырыбына арналған.

Қатысушыларды күнделікті семинарлар мен Капитолийге сапар күтіп тұр. Сондай-ақ мемлекеттік қайраткерлермен, саясаткерлермен, сарапшылармен және ғалымдармен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беріледі.

Бағдарлама шынайы саясаттың қалай жұмыс істейтінін өз көзімен көруге және саяси зерттеулер мен саяси коммуникациялар саласында тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.

📍 Ұйымдастырушы: Niskanen Center
📍 Өтетін орны: Вашингтон, Колумбия округі, АҚШ
📍 Бағдарлама күндері: 8–12 маусым 2026 жыл
📍 Ұзақтығы: 1 апта (интенсив)

Қажетті құжаттар:
• CV
• Transcript
• Өтінім формасындағы 3 сұраққа жазбаша жауап
• Ұсыныс хат үшін оқытушы немесе маманның байланыс ақпараты

🗓 Өтінім қабылдау мерзімі: 27 ақпан

Нәтижелер туралы ақпарат 27 наурызға дейін жарияланады.

🔗 Өтінім беру сілтемесі:
Niskanen Summer 2026 Institute at The Niskanen Center Inc

Қосымша ақпарат алу үшін KAU Халықаралық ынтымақтастық департаментіне хабарласыңыз (433б кабинет).

СҰРАҚТАРЫҢЫЗ
ҚАЛДЫ МА?
ӨТІНІМ ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Біздің кеңесшіміз сізбен жақын арада хабарласып, барлық сұрақтарыңызға жауап береді.