KAU
Жаңалықтар мен оқиғалар 15.04.2026

KAU студенттері «Фараби әлемі» конференциясында университет намысын лайықты қорғады

Қазақ-Америка университетінің студенттері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында өткен студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық «Фараби әлемі» ғылыми конференциясына қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша Жуасбаева Әлия ассистент-профессорының жетекшілігімен KAU студенттері жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. «Туризм» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Анастасия Ни 2 орынды иеленді, ал «Халықаралық қатынастар» бағдарламасының студенті Жарылқасын Аружан 3 орынға ие болды.

Еске сала кетейік, «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері де конференцияға қатысып, өз баяндамаларының нәтижесінде III дәрежелі диплом және алғыс хаттармен марапатталды.

Аталған конференция студенттердің академиялық көкжиегін кеңейтіп, кәсіби құзыреттерін нығайтуға мүмкіндік берді. Қазақ-Америка университеті өз студенттерінің жетістіктерін мақтан тұтып, оларға ғылыми қызметте одан әрі табыс тілейді.

СҰРАҚТАРЫҢЫЗ
ҚАЛДЫ МА?
ӨТІНІМ ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Біздің кеңесшіміз сізбен жақын арада хабарласып, барлық сұрақтарыңызға жауап береді.