Швейцариялық жоғары оқу орны өкілдерімен кездесу
Қазақ-Америка университетінің президенті Асылбек Исаховтың Швейцариялық технологиялар және кәсіпкерлік институтының (SITE) өкілдері — профессор, инженер және бизнес-стратег Эрик Мансанарес пен бизнесті дамыту жөніндегі директор Айнура Мукановамен кездесуі өтті.
KAU мен SITE арасында көпжылдық тұрақты әріптестік аясында студенттер бизнес, технологиялар және цифрлық экономика бағыттары бойынша қос диплом алу мүмкіндігіне ие.
Кездесу барысында тараптар алдағы оқу жылына арналған ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, академиялық кредиттерді қайта есептеу тетіктерін жетілдіру арқылы оқу жүктемесін оңтайландыру мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ студенттердің заманауи білім беру платформаларына қолжетімділігін кеңейту және бірлескен бағдарламалар мен жобаларды іске қосу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар студенттер үшін академиялық мүмкіндіктерді кеңейтуге және университеттер арасындағы халықаралық әріптестікті нығайтуға бағытталған ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.