ҚАУ студенттері Шыңғыс Айтматовтың немересімен кездесуге қатысты
ҚАУ студенттері Шыңғыс Айтматовтың немересімен кездесуге қатысты
2025 жылғы 4 ақпанда ПД-25-4 және ПД-25-3 топтарының студенттері көрнекті жазушы Шыңғыс Айтматовтың немересі — Чынара Айтматовамен өткен шығармашылық кездесуге қатысты.
Кездесу барысында жазушының тұлғасы мен мұрасына арналған негізгі тақырыптық бөлімдер ұсынылды.
Қатысушылар «Шыңғыс Айтматов: Адам және Ғалам» атты бөлім аясында отбасы естеліктерімен танысып, халықаралық интеллектуалдық алаң ретінде Ыстықкөл форумын қайта жаңғырту тұжырымдамасы мен болашағын талқылады.
Сонымен қатар «Бүгінгі таулар үні» тақырыбы аясында Қырғызстан әдебиетінің қазіргі жағдайы мен болашағына арналған аналитикалық көзқарас ұсынылды.
Іс-шара студенттерге Шыңғыс Айтматовтың мәдени-гуманитарлық мұрасын тереңірек түсінуге және Орталық Азиядағы әдебиет пен қоғамдық ойдың өзекті үдерістерін талдауға мүмкіндік берді.