AIESEC көктемгі қабылдауды жариялайды
AIESEC көктемгі қабылдауды жариялайды
AIESEC — 75 жылдан астам уақыт бойы тағылымдамалар, жобалар және ұйым мүшелігі арқылы жастардың көшбасшылық әлеуетін ашып келе жатқан халықаралық жастар ұйымы.
Егер сен:
- 18–29 жас аралығында болсаң
- Ағылшын тілін Pre-Intermediate және одан жоғары деңгейде білсең
- Алматыда оқысаң немесе тұрсаң
- Өзіңе жаңа challenge жасауға дайын болсаң
AIESEC-те біз адамдарды кросс-мәдени алмасуға жібереміз және серіктестік жобаларды ұйымдастырамыз. Мұнда мықты командалық мәдениет қалыптасады, бастама жоғары бағаланады және әрбір үлес қоғам үшін маңызды өзгеріске айналады.
Қашан?
7–8 ақпан
Қайда?
Алматы: KIMEP University
AIESEC-тің бір бөлігі болу мүмкіндігін жіберіп алма!
Қазір тіркеліп, бізбен бірге дамуды баста: тіркелу сілтемесі
Жаңалықтарды бақылап, шабыт ал: Instagram