KAU
Жаңалықтар мен оқиғалар 18.09.2026

KAU STUDENT CLUBS FAIR

18 қыркүйек күні Қазақ-Америка университетінде дәстүрлі Студенттік ұйымдар жәрмеңкесі (Student Clubs Fair) өтті. Іс-шара барысында бірінші курс студенттері университеттегі белсенді ұйымдардың қызметімен танысып, өз қызығушылықтарына сай бағыттарды таңдауға мүмкіндік алды. Жобаға 500-дей студент қатысты.

Іс-шара барысында клуб өкілдері өз жобалары мен бастамалары туралы айтып, қол жеткізген жетістіктерімен бөлісіп, жаңа қатысушыларды университет өміріне белсенді араласуға шақырды. Жәрмеңке жаңа достар табуға, ортақ мүдделес жандармен танысуға және шығармашылық, спорттық әрі қоғамдық бағыттарда өзін-өзі дамытуға тамаша мүмкіндік тудырды.

Алдағы уақытта студенттерді қызықты іс-шаралар, пайдалы бастамалар мен жарқын естеліктер күтіп тұр. Университеттегі әр күніңіз әсерлі әрі табысты болсын!

СҰРАҚТАРЫҢЫЗ
ҚАЛДЫ МА?
ӨТІНІМ ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Біздің кеңесшіміз сізбен жақын арада хабарласып, барлық сұрақтарыңызға жауап береді.