KAU Президенті бірінші курс студенттерімен кездесті
Қазақ-Америка университетінде KAU Президенті Асылбек Исаховтың бірінші курс студенттерімен кездесуі өтті. Ашық диалог форматында ұйымдастырылған кездесу студенттерге университет басшылығымен тікелей пікір алмасып, өз ойлары мен идеяларын бөлісуге мүмкіндік берді.
Кездесу барысында Асылбек Исахов университеттің тарихы мен негізгі жетістіктері, KAU-дың миссиясы мен құндылықтары, сондай-ақ даму бағыттары туралы айтып өтті. Студенттер үшін ұсынылатын мүмкіндіктерге, соның ішінде ағылшын тілінде білім алуға, халықаралық академиялық ортаға, шетелдік оқытушылармен өзара байланыс орнатуға, студенттік клубтар мен қоғамдық жобаларға және сабақтан тыс университеттік өмірге қатысуға ерекше назар аударылды.
Студенттердің университет өміріндегі рөліне тоқталған Президент академиялық жауапкершілік пен адалдықтың, бастамашылдықтың және университет өміріне белсенді қатысудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу «Президентке сұрақ» форматында жалғасты. Бірінші курс студенттері KAU басшылығына тікелей сұрақ қойып, академиялық ұтқырлық, оқу процесін ұйымдастыру, білім алу жағдайлары және университет өмірінің басқа да маңызды аспектілері бойынша өздерін қызықтырған мәселелерді көтерді.
Іс-шараға академиялық мәселелер жөніндегі вице-президент Ажар Нурмагамбетова, Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі вице-президент Даурен Дюсебаев, Халықаралық коммуникациялар және креативті индустриялар факультеті мен Бизнес және ақпараттық технологиялар факультетінің декандары, сондай-ақ университет қызметкерлері қатысты.
Мұндай кездесулерді ай сайын өткізу жоспарланып отыр. Тұрақты ашық диалог студенттерге өзекті мәселелерді талқылауға, идеяларымен бөлісуге және KAU әкімшілігімен тікелей байланыста болуға мүмкіндік береді. Бұл бастама студенттердің пікірі университеттің одан әрі дамуының маңызды бөлігіне айналатын ашық академиялық ортаны қалыптастыруға бағытталған.